Этникалық қазақ Арман Маханов Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанатында Өзбекстан құрамасының туын ұстап шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл туралы Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі арнайы видео жариялап хабарлады.
Өзбекстан құрамасының чемпионатқа қатысатын боксшылары: Шодияржон Меликузиев (48 кг), Хасанбой Дусматов (51 кг), Асилбек Жалилов (54 кг), Худжаназар Нортожиев (57 кг), Абдумалик Халоков (60 кг), Саят Илясов (63,5 кг), Асадхуджа Муйдинхужаев (67 кг), Шавкатжон Болтаев (71 кг), Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Жавохир Умматалиев (80 кг), Акмалжон Исроилов (86 кг), Турабек Хабибуллаев (92 кг) және Арман Маханов (92+ кг).
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып отырған әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Жарыстың жүлде қоры –рекордтық 8,3 миллион доллар.