Танымал қазақ боксшысы әлем чемпионаты алдында ел күтпеген мәлімдеме жасады

1 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Серік Теміржанов

Қазақ боксшысы Серік Теміржанов Дубайда (БАӘ) өтетін, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын 2025 жылғы әлем чемпионатындағы өз мақсаты туралы ашық айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Әлем чемпионатындағы соңғы сәтті жекпе-жегіме төрт жыл өтті. Сол уақыттан бері көп өзгердім, тәжірибе жинадым. Дубай рингіне шыққанда соның бәрін көрсетемін! Мен қолымнан келгеннің бәрін жасап, сол кездегі "күмісті" енді "алтынға" айналдыруға тырысамын!" – деді спортшы.

Еске сала кетсек, Серік Теміржанов 2021 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында 57 келі салмақта финалға дейін жетіп, америкалық Джамал Харвиден ұтылып, күміс жүлде алған болатын.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Серік Теміржанов