Қазақстандық каратист Софья Берульцева 2025 жылғы каратеден әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Каирде өткен финалда 68 келі салмақ дәрежесінде Берульцева Германия спортшысы Йоханна Книрге есе жіберді. Бұл – Софьяның әлем чемпионаттарындағы екінші жүлдесі: ол 2021 жылы қола медаль алған болатын.
Сондай-ақ Берульцева – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (каратэ көрсетпелі спорт түрі ретінде өткен), Азияның үш дүркін чемпионы (2022, 2023, 2025).
Шымкенттік спортшы 6 қарашада 25 жасқа толды. Каратемен ол алты жасынан бастап айналысады.
2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы үш медаль иеленді: Дидар Әмірәлі (67 кг) – қола, Әсел Қанай (61 кг дейін) – қола.