«Қыздардың көбі сақина сұрайды»: Баян Алагөзова екінші күйеуінен мәһрге не сұрағанын айтты

18 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал продюсер Баян Алагөзова жұбайы Тұрсын Алагөзовпен некелескен сәтінде мәһрге не сұрағанын ашық айтып, көпшілікті таңғалдырды.

Баян Мақсатқызы бұл жайлы тележүргізуші Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті. Оның сөзінше, көп қыздар секілді алтын немесе әшекей бұйым емес, әлдеқайда практикалық дүние сұраған.

«Тұрсын мырза маған мәһір ретінде кеңсе тарту етті. Қыздардың көбі сақина сұраса, мен кеңсе сұрадым. Оның үстіне үлкен, кең кеңсе», – деді продюсер.