Ұлттық құраманың бас бапкері өзбектің екі дүркін Олимпиада чемпионына ел күтпеген сөз айтты (ВИДЕО)

29 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
sports.kz

Қазақстанның бокс құрамасы екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың үйінде қонақта болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев Instagram парақшасында шарадан видеоролик жариялады. Кадрларда бас бапкер Қайрат Сәтжанов өзбек батырына осы пейілі үшін алғыс айтып жатқан сәт көрсетілген.

"Бүгін біз Өзбекстанның мақтанышы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы Баходир Жалоловтың үйіне қонақ болып келдік. Айтарым: сен қонақ қылған барлық спортшы да сенің жетістігіңе жете берсін. Бұл шаңырақта әрдайым қуаныш орнасын, жақындарың аман болсын. Қазір Толқыннан анаң мен әжеңнің жағдайын сұрадық – оларға бақыт тілеймін. Біз сені жақсы танимыз, адами қасиетіңді құрметтейміз", – деді Сәтжанов.

Айта кетейік, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд боксшыларының Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиыны 19 қарашада басталған.

Тэгтер:

Бокс Қайрат Сәтжанов Баходир Жалолов