"Төрехан міндетті түрде сағат 22:30-да телефонын өшіреді" – Танымал әлем чемпионы

27 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан

Биыл қазақ боксының жаңа буынынан суырылып шыққан Төрехан Сабырхан жанкүйерлерді өз шеберлігімен ғана емес, мінезі мен тәртібімен де тәнті етіп жүр. Ересектер арасындағы жарыстарда бірде-бір рет жеңілмеген 19 жастағы шымкенттік талант рингте стильді әрі дәлдікке толы боксымен көзге түссе, рингтен тыс уақытта да үлгілі тәртібімен ерекшеленеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

2025 жылғы әлем чемпионатының алтынын еншілеген Төрехан тек спорттағы жетістігімен емес, еңбекқорлығы мен мәдениеті, кәсіби әдебі арқылы да өзгелерден оқ бойы озық. Оның болмысы туралы 2005 жылғы әлем чемпионы Ердоc Жаңабергенов "Бокс студиясына" берген сұхбатында ерекше атап өтті.

Спорт ардагерінің айтуынша, бүгінгі жас боксшыларға көбіне дәл осындай тәртіп пен жауапкершілік жетіспейді.

"Мысалы, Төрехан Сабырхан. Мен жақсы білемін, оның телефоны 22:30-да міндетті түрде өшеді. Міне, бұл – нағыз тәртіп! Әкенің берген дұрыс тәрбиесі!" – деді Ердоc Жаңабергенов.

Тэгтер:

Төрехан Сабырхан Бокс Ердоc Жаңабергенов