Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікпен өміріндегі ең үлкен қуанышты бөлісті.
Өнер иесі жақында ғана перзентті болып, ұл дүниеге әкелгенін жариялады. Ол перзентханадан түскен суреттерін жариялап, аналық сезімін жүрекжарды жазба арқылы жеткізді.
«Бір үйдің жалғыз королевасы, принцессасы, ледиі болу маңдайыма жазылыпты. Мені қолдайтын, қорғайтын, еркелететін ЖанҰям аман болсын. Толассыз хаттармен ақ ниетін білдірген қазақ еліне алғысым шексіз! Осындай бақыт сіздерге де жұғысты болсын! Суретте Райымбегім Батырым! Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды әнші өз парақшасында.
Желі қолданушылары Еркені құттықтап, ақ тілектерін қарша боратты. Көпшілік оның аналық бақытына ортақтасып, сәбиінің есімі мен келбетін қызығушылықпен қабылдады.