Головкиннің бұрынғы қарсыласы ауыр дерттен 39 жасында көз жұмды

Бүгін, 11:56 / Ахмет Қанатұлы
Ethan Miller/Getty Images. Суретте: Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин

Танымал армян-америкалық боксшы, әлем чемпиондығына үміткер Ванес Мартиросян 39 жасында қайтыс болды. Соңғы екі жыл бойы ол тері обырымен күрескені хабарланды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Мартиросян (36-4-1, 21 KO) өз кезеңінің ең мықты боксшыларымен кездескен спортшы ретінде белгілі. Ол рингте Эрисланди Ларамен (екі мәрте), Деметриус Андраде және Джермелл Чарло сияқты чемпиондармен жұдырықтасқан.

2018 жылы Геннадий Головкинмен жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңілгеннен кейін кәсіби мансабын аяқтаған. Өз карьерасында Кассим Оума, Уилли Нельсон және Ише Смит секілді қарсыластарды сенімді түрде ұтқан.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин