Күтпеген жаңалық! Головкинге қатысты ел естімеген сұмдық хабар тарады

Бүгін, 10:53 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Британдық CMboxing.co.uk басылымы Геннадий Головкиннің World Boxing ұйымының президенті қызметіне келгеннен кейін қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Өткен апта соңында Римде (Италия) өткен WB конгресінде Головкин ресми түрде ұйымның жетекшісі болып тағайындалған еді. Басылым пікірінше, GGG-ді бірден бірнеше ауқымды сын-қатер күтіп тұр.

1. Жемқорлық– кез келген басшыдан ұзақ өмір сүретін мәселе

IBA бір күнде күйремеді. Ұйым ұзақ жылдар бойы жиналған проблемалардың салмағына шыдамай құлады. Төрешілер дауы, басқарудағы олқылықтар, қаржылық тәртіпсіздік – он жылға созылған хаос. Головкин мұның бәрін бір ғана қол алысу немесе жақсы қарым-қатынас арқылы бір сәтте өзгерте алмайды.

2. Қаржы мәселесі – әлі де ең әлсіз тұсы

World Boxing – жас әрі үлкен қысымдағы ұйым. ХОК тарапынан берілген мойындау әзірге алдын ала сипатта ғана. Қаржыландыру тұрақсыз.
Әлемдік әуесқой бокс жүйесін бір ғана адамның ниеті мен күш-жігерімен өзгерту мүмкін емес.

3. Елдер арасындағы алауыздық әлі де сақталып отыр

Кейбір мемлекеттер IBA-дан толықтай бас тартса, енді бірі онымен байланысын үзген жоқ. Ал кейбірі екі ұйымның арасында "екі жақты саясат" ұстанып отыр. Головкинге ұйым ішіндегі бірлік қажет, бірақ ол Брекситтен кейінгі Еуропаның картасына ұқсайтын күрделі саяси жағдайды қабылдады.

Басылымның жазуынша, Головкин беделі мен мінезі арқылы үлкен сенімге ие, бірақ алдында тұрған мәселелерді шешу үшін ұзақ уақыт пен үлкен реформа қажет.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин