Әлемнің ең сұлу волейболшысы желі қолданушыларын өзінің дене мүсінімен тәнті етті (фото, видео)

8 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
championat.com

Әлеуметтік желіде "әлемдегі ең сұлу волейболшы" деген атаққа ие болған америкалық спортшы Кайла Симмонс желі қолданушыларын тағы да бір тамсандырды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Кайла Instagram парақшасында Санта-Каталина аралында түскен ашық жүзу киіміндегі суреттерін жариялады. Бұл фотосессия жанкүйерлер тарапынан ерекше қошеметке ие болды.

«Сен – менің идеалымсың», «Абсолютті сұлулық», «Ерекше әдемісің», – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Кайланың Instagram парақшасында 1 миллионнан астам жазылушы бар. Ол ашық стильдегі суреттерімен жиі бөлісіп, өзінің сымбатты келбетімен желіде кең танымал болды.

Кайла Симмонс – кәсіби спортшы ретінде Америка Құрама Штаттарының жастар құрамасында өнер көрсеткен. Ол Флорида университетінің волейбол командасының капитаны болып, кейін Маршалл университетінің намысын NCAA (АҚШ-тың ең жоғарғы студенттік спорт лигасы) деңгейінде қорғады. Симмонс алаңдағы шеберлігімен де, сырт келбетімен де танымал болды.

Алайда, оның әлеуметтік желідегі ашық фотолары спорт қауымдастығының бір бөлігінің сынына ұшырады. Нәтижесінде, Кайла кәсіби волейболдағы мансабын ерте аяқтауға шешім қабылдаған.

Бүгінде Кайла Симмонс спорттан гөрі әлеуметтік желідегі белсенділігімен жиі көрініп жүр. Ол модельдік түсірілімдерге қатысып, өз парақшасы арқылы танымалдығын арттыра түсті. Оның фотолары желіде лезде тарап, кең аудиторияның назарын аударады.

Тэгтер:

Кайла Симмонс волейболшы қыз Америка волейболы NCAA волейбол