Головкин қазақ боксшыларын желтоқсандағы әлем чемпионатына жібере ме?

24 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/gggboxing. Суретте: Геннадий Головкин

World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин оның ұйымында өнер көрсететін боксшылардың бәсекелес ұйым – Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізетін жарыстарға қатыса ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Алдымен құқықтық жағын түсіну керек: World Boxing қандай мәртебеде, жалпы жағдай қандай деңгейде тұрғанын айқындау қажет. Спортшы ретінде айтарым – мен әрдайым боксшылардың жағындамын және олардың жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", – деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін де атқарады.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин World Boxing ІВА