Тарихи сәт! Тоқаев World Boxing ұйымының президенті атанған Головкинді құттықтады

Бүгін, 18:31 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті қызметіне сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған құттықтауда президент GGG-дің бұл жетістігін ел спорты үшін тарихи сәт деп атады.

"Бұл – Геннадий Головкиннің еңбегі мен кәсіби жолына берілген әділ баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрінің халықаралық федерациясын басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", – делінген құттықтау хатында.

Еске салайық, бүгін Римде өткен World Boxing Конгресінде Геннадий Головкин ресми түрде ұйым президенті болып тағайындалды. Жиын барысында ол өз басшылығы кезеңінде жұмыс істейтін төрт негізгі бағытты таныстырды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкин