Жас қазақ баласы әлемдік додада тарихи сенсация жасап, чемпион атанды

Бүгін, 16:58 / Ахмет Қанатұлы
Андрей Ударцев / ҚТФ. Суретте: Әмір Омарханов

Қазақ теннисшісі Әмір Омарханов Тунисте өткен хард жабындысындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Монастир қаласында ITF ұйымдастырған жарыста Әмір Омарханов финалда Германия спортшысы, турнирдің жетінші нөмірлі ракеткасы Макс Шенхауспен кездескен. Рейтингке сәйкес Әмір ATP тізімінде 1115-орында болса, оның қарсыласы – 824-орында және әлемнің жасөспірімдер арасындағы екінші ракеткасы саналады.

Тартысты өткен финалдық матч үш сетке созылып, қазақстандық спортшының айқын жеңісімен аяқталды. Есеп: 6:3, 3:6, 6:4.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл – 18 жастағы Әмір Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеке титулы. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте төртінші орынға дейін көтерілген.

Тэгтер:

чемпион Теннис Әмір Омарханов