фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы – World Boxing ұйымын басқаруға ұсынылған жалғыз кандидат атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
World Boxing жариялаған тізімде президенттікке үміткер ретінде тек Геннадий Головкиннің аты көрсетілген.
Ұйым Жарғысына сәйкес, егер лауазымға жалғыз кандидат ұсынылса, оны Конгресс дауыссыз-ақ бір ауыздан мақұлдайды. Қазіргі уақытта федерацияны нидерландтық функционер Борис ван дер Ворст басқарып келеді.
World Boxing Конгресі 23 қараша күні Рим қаласында өтеді. Сол жиында ұйымның жаңа президенті ресми түрде жарияланатын болады.