QAZAQSTAN KOKPAR CUP: Шымкентте өтіп жатқан республикалық турнирдің жартылай финалистері анықталды

21 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Шымкент қаласының Орталық ипподромында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан QAZAQSTAN KOKPAR CUP клубтық командалар арасындағы республикалық турнир қыза түсті. 17 қазанда басталған дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген жеті команда бақ сынап, екі топқа бөлініп өзара шеберлік байқасты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

А тобында ерекше ойын өрнегін көрсеткен Қазығұрт пен Шымкент командалары жоғары ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды.
В тобының үздіктері болып Аманат-Шу мен Меркі-Қант командалары танылды.

Осылайша, 21 қазанда өтетін жартылай финалдық жұптар төмендегідей белгіленді:

Жеңіске жеткен қос команда финалда шеберлік байқасады, ал жеңіліс тапқандар қола медаль үшін таласады.

Бұл турнир ұлттық спортты дәріптеу мен көкпардың клубтық форматтағы бәсекесін жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.

QAZAQSTAN KOKPAR CUP-тың жалпы жүлде қоры – 28,5 миллион теңге. Бұл – көкпар спортын дамытуға деген айрықша қолдаудың көрсеткіші.

Ұлттық ойынның беделін арттырып, жанкүйерлерді бір арнаға тоғыстырған бұл турнир көкпар жанашырлары үшін үлкен спорттық мереке болмақ. Шешуші матчтарды жіберіп алмаңыз!

Тэгтер:

Шымкент көкпар