Танымал блогер Зарина Сапар отбасындағы зорлық-зомбылық туралы «Айтарым бар» подкастына берген сұхбатында айтып, елді шошытты.
Сапардың айтуынша, тұрмыстағы жанжал кезінде ол күйеуінен ауыр сөздер естіп, кейіннен физикалық күш көрсетуге ұласқан жағдайлар болған.
«Ол бірнәрсе деп боқтады. Көтеріліп кетіп: “Боқтамаңыз” дедім. Ә, десе, мә, дейтіндей жауап қайтардым. Бірақ боқтап, жаман сөз айтқан жоқпын. Тек дауыс көтеріп жауап бердім. Сол кезде ол мені артқа итеріп жіберді. Құлаған жерімде пісіріп жатқан бәліштер болды. Сол сәттен бастап сүйікті адамға бірдеңе істегің келмей қалады. Мен де табақпен бір ұрдым. Дастархандағы пышақты алып: “не мен, не сен өлесің” деген ой келді», — деді Зарина.
Блогер оқиғалар мұнымен тоқтамағанын, жуырда тағы да тұрмыстық зорлық көргенін айтты.
«Аяғым ауыр кез. Ол ішіме отырып алып, басымды екі жаққа ұрып тастады. Өз еркімен мойындай ма, білмеймін. Бірақ еркек болса, мойындауы керек қой», — деді ол.