World Boxing халықаралық федерациясы Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен 2025 жылғы Әлем кубогының финалдық кезеңінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыстың соңғы кезеңінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Команда қоржынында: 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль бар.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орын турнир қожайыны – Үндістанға бұйырды. Үндістанның боксшылары 9 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты: 4 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль. Ал үздік үштікті Англия құрамасы түйіндеді: 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль.