Өзбектер озып кетті: Әлем кубогында боксшыларымыз үздік үштікке ене алмады

Өзбектер озып кетті: Әлем кубогында боксшыларымыз үздік үштікке ене алмады

фото: ҰОК. Суретте: Сұлтанбек Айбарұлы

World Boxing халықаралық федерациясы Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен 2025 жылғы Әлем кубогының финалдық кезеңінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарыстың соңғы кезеңінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Команда қоржынында: 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль бар.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орын турнир қожайыны – Үндістанға бұйырды. Үндістанның боксшылары 9 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты: 4 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль. Ал үздік үштікті Англия құрамасы түйіндеді: 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль.