Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті қуантқан сүйінші жаңалығымен бөлісті.
Өнер иесі Instagram желісінде танысы Елдос пен Таңшолпанның отбасында сәбидің дүниеге келгенін хабарлап, жылы лебізін білдірді.
"Елдос-Таңшолпан, тәтті балапанның бауы берік болсын! Елінің елеулі, халқының қалаулы азаматы болсын!
Жанат әпке, құтты болсын!" — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да Жазираның жазбасына қуанышын білдіріп, жас ата-аналарға игі тілектерін жаудырды.