World Boxing ұйымы Өзбекстанның бокстағы алып держава екенін айқын мойындады

20 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/boxinguzbekistan_official

World Boxing ұйымының ресми сайты қазіргі таңда Үндістанда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде екі мемлекетті – Үндістан мен Өзбекстанды негізгі фавориттер ретінде атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ұйымның басты сайты хабарлағандай, жарыстың төртінші күнінде осы екі құрама айқын басымдық танытқан. Үндістан жартылай финалдағы 18 жекпе-жектің алтауында жеңіске жетсе, Өзбекстан төрт жекпе-жекте үстем түсті.

Осы нәтижелерге сәйкес, Үндістан финалда 8 әйел және 7 ер былғары қолғап шеберімен өнер көрсетеді. Өзбекстан 6 ер және 3 әйел спортшысын финалға шығарып отыр. Екі құрама арасындағы тікелей финалдық кездесулер алты салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл жекпе-жектер жалпы медаль кестесінің көшбасшысы кім болатынын анықтайды.

Ал Қазақстан құрамасы сапынан финалға тек екі боксшы ғана шықты. Шешуші бәсекелер 20 қараша күні өтеді.

Тэгтер:

Бокс Өзбекстан әлем кубогы