Әлеуметтік желіде екі жолаушының ұшақ ішінде төбелескен сәті таралып, қысқа уақытта-ақ жүздеген мың қаралым жинады.
The Sun мәліметінше, жанжал Нигерияның Асаба әуежайынан ұшқалы тұрған United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде орын алған.
Тараған видеода жолаушылардың салон ортасында бір-біріне жұдырық ала жүгіргені айқын көрінеді. Интернет қолданушылары оларды танымал инфлюенсер Matins Otse (VDM – Very Dark Man) және комик Freedom Atsepoyi деп анықтаған.
Экипаж жағдайды дереу бақылауға алып, екі азаматты да ұшақтан түсіріп, әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырған. Осыдан кейін рейс жоспар бойынша жалғасты.
Төбелестің неден басталғаны әзірге белгісіз.