Қазақстанның U-19 құрамасы 2025/26 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Біздің құрама 1-топта екінші орын алып, келесі кезеңге өтті. Бұған параллель өткен матчтағы Нидерландының Ирландияны 4:2 есебімен ұтуы әсер етті.
Қазақстан Кипрмен соңғы ойында 1:1 есебімен тең түсті. Нәтижесінде команда 4 ұпай жинап, топта екінші орынға тұрақтады.
Топтағы түпкілікті нәтиже:
- Нидерланды – 9 ұпай, 1-орын
- Қазақстан – 4 ұпай, 2-орын
- Ирландия – 3 ұпай, 3-орын
- Кипр – 1 ұпай, 4-орын
Осылайша Нидерланды мен Қазақстан құрамалары Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде өнер көрсетуді жалғастырады.
Еске салайық, Қазақстан бұл іріктеудің алғашқы матчында Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп, кейін Нидерландыға 1:2 есебімен жол берген болатын.