ІВА ұйымдастыратын әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылардың есімдері аталды

ІВА ұйымдастыратын әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылардың есімдері аталды

фото: instagram.com/world.boxing.events. Суретте: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров

IBA 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды спортшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстан мен Өзбекстанның үздік былғары қолғап шеберлері де бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ерлер арасындағы 2025 жылы Дубайда өтетін әлем чемпионатына бірқатар ең танымал және титулды әуесқой боксшылардың қатысатынын растады.

Тізімге енген жұлдыздар:

  • Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – екі дүркін Олимпиада чемпионы, қазіргі IBA әлем чемпионы;
  • Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Олимпиада чемпионы және қазіргі IBA әлем чемпионы;
  • Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан) – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі, IBA әлем чемпионы;
  • Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан) – IBA әлем чемпионатының финалисі;
  • Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі, IBA әлем чемпионы;
  • Айбек Оралбай (Қазақстан) – екі дүркін Азия чемпионы;
  • Хулио Ла Крус (Куба) – екі дүркін Олимпиада және бес дүркін IBA әлем чемпионы.