Белгілі әнші әрі тележүргізуші Аша Матай 65 жасқа толған әкесіне арнап есте қаларлық тосынсый ұйымдастырды. Бұл қуанышты сәт жайлы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Аша Матайдың айтуынша, ол әкесіне бұл мерекені алдын ала айтпаған. Туған күн иесін жай ғана отбасылық кешкі асқа шақырғандай етіп, салтанатты кештің шымылдығын жапты. Алайда шын мәнінде бұл – әкесіне арналған үлкен той болды.
«65 жасқа толған әкеміздің туған күніне арнап, оған үлкен тосынсый жасауды шештік. Бұл ерекше күнді есте қаларлықтай ету үшін әкеміздің достарын, сыныптастарын, курстастарын, аға-жеңгелерін, іні-қарындастарын, туыстарын шақырдық. Ол – бұл жайлы мүлде білмеді», – деп жазды әнші.
Салтанатты кештің басты сәті – туған күн иесінің залға кіріп келген сәті болды. Сол сәтте 170 қонақ ду қол шапалақпен оны қарсы алып, ерекше әсер қалдырған.
«Ол шын мәнінде таңданып, қуанып қалды. Бәріміз бірігіп жасаған мерекелік кешіміз өте керемет өтті», – дейді Аша.
Әншінің сөзінше, бұл кеш отбасы үшін ұмытылмас естелікке айналып, қуаныш пен күлкіге, жүрекжарды лебіздер мен шынайы тілектерге толы болды.