"Сыйластық – ағайынның айнасы": Желіде Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жазба тарады (ФОТО)

18 қараша, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жаңа жазба жарияланды.

Өнер иесінің әріптесі Әділ Орынбасар өзінің парақшасында ағайын арасындағы сыйластықтың маңызын атап өтті.

"Сыйластық – ағайынның айнасы! Ағаны сыйлау, құрметтеу, демеу болып, тек жақсылық тілеу – қазақы болмыстың өзегі! Өмір – үлкен жол! Сол жолда жаныңда әркез табылатын бауыр, аға, дос – ең үлкен байлық. Өйткені адамды биік ететін – оның қасында жүрген жақындары. Қамшының сабындай болған қысқа ғана ғұмырда сыйласып, жақсы тілекте болайық! Әрдайым амандық жақсылық болсын ағайын!" – деп жазды Әділ Орынбасар.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Әділ Орынбасар