"Қайратқа демалу керек": Медеу Арынбаев өнердегі інісін сынап, ұрсып тастады (ВИДЕО)

14 қараша, 2025 / Admin
Caravan.kz коллажы

Белгілі әнші, қазақ эстрадасының танымал тұлғасы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығына қатысты өз ойын ортаға салды.

Оның айтуынша, Қайраттың еңбегі мен тыңдарман алдындағы жауапкершілігі жоғары болғанымен, оған қазір сәл аялдап, денсаулығын қалпына келтіретін уақыт керек.

"Қайратқа біраз демалыс қажет. Егер оның дауысы мүлдем жарамайтын болса, халық оны осынша қолдамас еді. Халық бекер көтермелей бермейді. Ол өзіндік ырғақ пен ерекше "ыңырсу" мәнерін тапты. Бұл қобыздың үніне ұқсас, қазаққа жақын дыбыс", – деді Медеу Арынбаев.

Әнші сондай-ақ Қайраттың кәсіби мамандарға көрінуінің маңызды екенін атап өтті.

"Фониатрға барып, дауысын емдеткені дұрыс. Бұл оңай өнер емес. Біз кейде айына бір рет қана сахнаға шығамыз, ал Қайрат күнде жолда, күнде тойда, концертте жүр. Мұндай қарбалас үлкен күш пен сақтықты талап етеді", – деп қорытындылады ол.

Тэгтер:

Қайрат Нұртас Медеу Арынбаев