Әнші Қарақат Әбілдина мен ақын Қымбат Әбілдәқызы "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, өнер мен отбасы құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Бағдарлама барысында Қарақат Әбілдина туған әпкесі Қымбат Әбілдәқызына деген ерекше құрметі мен алғысын білдірді. Ол әпкесінің қатал мінезі мен талапшылдығы өмір жолында өзін тәрбиелеп, өнерге бағыт бергенін айтты.
"Қымбат апайым бала кезден қатал болатын. Сол мінезін бұрын ұнатпайтын едім, кейде ренжитін де едім. Ал қазір соның бәріне шексіз алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында менің өмірлік ұстанымым мен құндылығым қалыптасты. Өнер жолындағы алғашқы қадамдарымда да ол маған қолдау көрсетіп, продюсерім болды. Сұхбат беруге, сахнаға шығуға, өзімді сенімді ұстауға үйретті. Бұл еңбегін ешқашан ұмытпаймын", – деді Қарақат Әбілдина.