Сүйінші, ағайын! Айгүл Иманбаева асыға күткен қуанышын жеткізді (ФОТО)

14 қараша, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Өнер жұлдызы немерелерінің өмірге келгенін айтып, өзінің әже атанғанын үлкен қуанышпен жеткізді:

"Сүйінші, достар! Қоснемеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды Айгүл Иманбаева.