"Ол зауытта көз жұмды": Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің өлімі жайлы шындықты айтты (ВИДЕО)

13 қараша, 2025 / Admin
stan.kz

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің қазасына қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді.

Ол қоғамда тараған кейбір қате ақпараттарды жоққа шығарып, Арман Дүйсеновтің жертөледе емес, зауытта көз жұмғанын айтты.

"Маған Калелхан Иманмәди хабарласып, "Арманның жағдайы ауыр, тез жетіңіздер" деді. Не болғанын сұрағанда, "Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам барыңыздар" деп жауап берді. Зауытқа жеткенімізде сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымызбен бірге екінші қабатқа көтерілдік, сонда Арманның бетін жауып қойғанын көрдік. "Не болды?" деп сұрағанымда, "Жүрегі тоқтап қалды" деді. Ол ешқандай жертөледе көз жұмған жоқ, бұл ресми түрде тіркелген дерек", – деді Айсұлу Айданқызы.

Сондай-ақ ол зауыт аумағында студия болмағанын атап өтті.

"Арман бұл жерге не үшін келді? "Бұл студия емес қой", – деп сұрадым. Сонда маған: "Балалар таң намазына дәрет алған, ал Арман ағалары сапқа тұрмай, диванда жатқан. Оятқанда тұрмаған" деді", – деп еске алды марқұмның жары.

Тэгтер:

Арман Дүйсенов Айсұлу Айданқызы