Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сенсациялық нәтижеге қол жеткізді. Команда Ирландияны 1:0 есебімен ұтып, топтық кезеңді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голын 56-минутта команда капитаны Азамат Тұяқбаев соқты. Матчтың соңына қарай қазақстандық Кәрім Махаметжан қызыл қағаз алып, біздің құрам он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, ойыншылар есепті сақтап, маңызды үш ұпай еншіледі.
Бұл жеңіс көпшілік үшін күтпеген нәтиже болды, себебі Ирландия құрамасы осы кездесудің айқын фавориті саналатын.
Қазақстан құрамасы сапында алаңға шыққандар: Шерхан Қалмырза (қақпашы), Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Абзал Сағын, Әкежан Қалиқұлов, Мұхамедәлі Әбіш, Әли Ақылбаев, Евгений Петрик, Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (капитан), Мансұр Бірқұрманов.
Бірінші топтың ойындары Нидерландта өтіп жатыр. Келесі қарсыластар:
- 15 қараша – Нидерланд;
- 18 қараша – Кипр.