фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Санжарәлі Бегалиев
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары World Boxing ұйымы өткізетін бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыс 16-20 қараша аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. Қазақстан құрамасы сапында бұл додада ерлер арасынан сегіз, әйелдер арасынан бес спортшы бақ сынайды.
Ерлер құрамасы:
- 50 кг – Нұрзат Оңғаров
- 55 кг – Нұрсұлтан Алтынбек
- 70 кг – Нұрбек Мұрсал
- 75 кг – Аман Қонысбеков
- 80 кг – Санжарәлі Бегалиев
- 85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы
- 90 кг – Бекзат Таңатар
- +90 кг – Даниял Сапарбай
Әйелдер құрамасы:
- 48 кг – Ақбота Болат
- 51 кг – Жансая Рахымберді
- 57 кг – Ұлжан Сәрсенбек
- 80 кг – Диана Магауияева
- +80 кг – Әсел Тоқтасын