Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы топ жарып, алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Нұрғиса 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, "жұлқа көтеру" жаттығуында бірінші орынды иеленді.
Ол бұл сында 182 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын орнатқан ирандық спортшы Алиреза Моейнимен негізгі бәсекелес болды. Моейни биылғы әлем чемпионатында күміс медаль алған еді.
Алайда Нұрғиса Әділетұлы ең үздік талпынысында 175 келіні көтеріп, қарсыласынан озып кетті. Нәтижесінде алтын жүлдені жеңіп алды. Ирандық Моейни 171 келімен екінші орынға тұрақтаса, түрік спортшысы Хакан Курназ 165 келіні көтеріп, үздік үштікті түйіндеді.