Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшы Махмұд Сабырхан TikTok желісіндегі ресми парақшасында достары туралы жаңа видеосын салды.
"Достарымның мені тастап кеткеніне өкінбеймін, шынайы достарым менімен соңына дейін барады", – деп жазды Махмұд Сабырхан.
Еске сала кетейік, 31 қазанда Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтергені туралы хабар тарады. Әлеуметтік желіде спортшының жаңа отбасылық қуанышы жайлы видео жарияланды. Онда қалыңдық Айғаным Ержігітова өз тойынан естелік бейнематериалдар бөліскен.