"Жалақымыз – 50 мың сом": қырғыз балуаны Ақжол Махмудов спортшылардың жағдайы туралы айтты (видео)

17 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
uww.org. Суретте: Ақжол Махмудов

Қырғызстанның атақты балуаны Ақжол Махмудов елдегі спорт саласының дамуы мен спортшылардың жағдайы жайында өз пікірін білдірді. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі хабарлайды.

"Қазіргі таңда мемлекет тарапынан 50 000 сом (шамамен 296 520 теңге) стипендия беріледі. Басқа өзіміздің жеке табыстарымыз бар. Бұл да жаман емес. Бүгінде Қырғызстан мемлекетіміз кейінгі 2-3 жылда бұл салаға ден қойып келеді. Біздің экономикамыз енді-енді өз жүйесіне түсіп келе жатыр. Салыстырмалы түрде біздің спортшылардың жалақысы Қырғызстандағы ең жоғары жалақы алатындардың қатарына кіреді", – деді Ақжол Махмудов.

Айта кетейік, Ақжол Махмудов – Қырғызстанның грек-рим күресінен танымал спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол 1999 жылы 15 сәуірде Қырғызстанның Жайыл ауданында дүниеге келген. 77 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Ақжол – Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2022 жылғы күрестен әлем чемпионы және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Жас та болса, Қырғыз елінің мақтанышына айналған балуан.

Тэгтер:

Ақжол Махмудов қырғыз балуаны Ақжол Махмудов жалақы