Көзге жас келеді! Лионель Месси өз отаны "Барселонаға" қайта оралды (ФОТО)

11 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
FRANCK FIFE/AFP via Getty Images. Суретте: Лионель Месси

Атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси өзінің ресми Instagram парақшасында "Барселонаның" басты аренасы – "Камп Ноу" стадионында түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл стадион Мессидің балалық шағынан бастап футболшы ретінде қалыптасқан және мансабының көп бөлігін өткізген қасиетті орын саналады.

"Кеше кешке мен жаным сағынған жерге оралдым. Бұл – мен өзімді шексіз бақытты сезінген мекен. Сіздер, жанкүйерлер, мені әлемдегі ең бақытты адамның өзінен де мың есе бақытты еттіңіздер. Бір күні осы жерге қайта оралып, тек қоштасу үшін емес, басқа мақсатпен де келемін деп үміттенемін", –деп жазды Месси.

38 жастағы футболшының суреттерінен оның стадион маңында серуендеп, жаңарған аренаның көк шөбімен жүріп өткенін көруге болады. Қазіргі уақытта "Камп Ноу" реконструкцияның соңғы кезеңінде, ал жақын арада "Барселона" өз алаңында қайта ойнауды жоспарлап отыр.

Месси "Барселона" клубының академиясынан түлеп ұшып, 2003 жылдан бастап команда сапында өнер көрсетті. Ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, көптеген жеке және командалық жүлделерге ие болды.

2021 жылы футболшы Францияның "Пари Сен-Жермен" клубына ауысты, ал екі жылдан кейін АҚШ-тың "Интер Майами" командасымен келісімшартқа қол қойды және қазіргі таңда сол клубтың намысын қорғап жүр.

Тэгтер:

Барселона Лионель Месси