Миландық «Интер» клубының ресми Instagram парақшасы тағы да қазақ жанкүйерлерін таңғалдырды. Бұған дейін клуб архивтік видеосын Bayan Sulu тобының қазақша әнімен жариялаған еді, ал бұл жолы италиялықтар жаңа роликке Қайрат Нұртастың әнін қойған, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Видеода команданың соңғы ойын сәттері мен Лига чемпиондарындағы дайындығы көрсетілген. Бэкграундта Қайрат Нұртастың танымал әні ойнап тұр. Қазақ әні мен әлемдік футболдың осындай үйлесімі қазақстандық жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Желі қолданушылары пікірлерде өз әсерлерін жарыса жазып жатыр:
«Интер бізді жақсы біледі»,
«Қазақ әндері әлем аренасында естіліп жатыр — керемет!»,
«Келесі жолы Димаштың әнін қоя ма екен?» — деп жазды қазақстандық фанаттар.
Айта кетейік, бұған дейін де «Интер» клубы Диего Симеоне гол соққан ескі видеоны Bayan Sulu тобының әнімен жариялап, қазақстандық аудитория арасында үлкен резонанс тудырған еді.