фото: olympic.kz. Суретте: Едіге Емберді
Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Едіге Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына үш бірдей медаль салды – бір күміс және екі қола, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ойындарының үшінші жарыс күнінде Едіге Емберді 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Жұлқа көтеру жаттығуында спортшы 152 килограмм көтеріп, қола медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Едіге 191 килограмдық нәтижемен күміс медаль жеңіп алды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша спортшының жалпы көрсеткіші – 343 килограмм (152 + 191).
Осылайша, Едіге Емберді Ислам ойындарын үш жүлдемен аяқтады: бір күміс және екі қола.