Шавкат Рахмоновтың бапкері шұғыл мәлімдеме жасап, елді дүрліктіріп тастады

11 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/mma_f1ghters_kz. Суретте: Шавкат Рахмонов

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Джек Делла Маддаленаның сөздеріне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Еске салайық, Маддалена болашақта орта салмақ чемпионы Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді

Эдуард Базров бұл жекпе-жектің қалай аяқталуы мүмкін екенін болжады.

"Қазір Маддалена – чемпион, сондықтан ол Чимаевты жекпе-жекке шақыра алады. Бірақ менің ойымша, Джек Хамзатқа қарсы шыққанда өзін тәжірибесіздей көрсетпейді. Дегенмен, егер бұл айқас расында өтсе, жеңісті Чимаев алады деп санаймын. Хамзат Джекті басымдықпен жеңеді деген үлкен ықтималдық бар", – деді Базров.

Айта кетейік, 16 қарашада өтетін UFC 322 турнирінде Джек Делла Маддалена өзінің алғашқы белбеу қорғауын өткізеді. Оның қарсыласы – әлемнің үздік файтерлерінің бірі Ислам Махачев. Ол бұл жекпе-жек үшін өзінен төмен салмақтағы титулын босатып, жартылай орта салмаққа көтерілген.

Маддаленаның айтуынша, ол алдымен Махачевті жеңіп, бірнеше мәрте титулын сәтті қорғаған соң ғана Хамзат Чимаевпен кездесу өткізуге дайын болады.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов файтер Джек Делла Маддалена Эдуард Базров