Сүйінші, ағайын! Головкин ел асыға күткен қуанышты жаңалықты хабарлады

Бүгін, 15:22 / Ахмет Қанатұлы
t.me/olympickz. Суретте: Геннадий Головкин

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Жапонияның Осака қаласында өткен ISU Гран-при кезеңінде күміс медаль иеленген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарыс аяқталған соң Софья Самоделкина әлеуметтік желіде мойнына медаль тағып, қолына Қазақстанның туын ұстап тұрған суретін жариялады.

"Жарайсың!" – деп жазды Геннадий Головкин спортшының жазбасына.

Қазір Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген Софья Самоделкина бұған дейін Ресей құрамасында өнер көрсеткен. Ол 2022 жылы Ресей жастар чемпионатының және 2021 жылы Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері болған.

Жапониядағы Гран-при кезеңінде Самоделкина дәл 200 ұпай жинап, тек жапон спортшысы Каори Сакамотоға ғана есе жіберді.

Тэгтер:

әлеуметтік желі Геннадий Головкин Софья Самоделкина