Семей қаласынан шыққан 20 жастағы киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) Бразилияның Furia командасымен бірге IEM Chengdu атты ірі Counter-Strike 2 турнирінде жеңіске жетіп, ең үздік ойыншы (MVP) атағын иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бір миллион АҚШ долларын құрайтын жүлде қоры бар жарыста Furia финалда Team Liquid және Vitality командаларын сенімді түрде жеңіп, плей-офф кезеңін 3:0 есебімен аяқтады. Данил тұрақтылығымен, дәл мергендігімен және шешуші сәттердегі шеберлігімен көзге түсіп, турнирдің басты жұлдызына айналды.
Бұл – Furia мен Данилдің биылғы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін, қыркүйек айында команда FISSURE Playground 2 турнирінде де топ жарып, G2 Esports және Natus Vincere секілді киберспорттың алпауыттарын артта қалдырған еді. Сол кезде де Данил жоғары ойын өрнегін көрсетіп, команда көшбасшыларының бірі атанды.