Белгілі адвокат Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың басына барып құран оқыған сәттегі сезімін және оның әкесі Қаржаубай Нұрымовпен қарым-қатынасы туралы айтты.
"Адами тұрғыдан біздің қарым-қатынасымыз жаман емес. Ол маған бауырымдай болып кетті. Ол маған келгенде, ешқандай үміті болмады, ешкімге сенбеді. Амал жоқ, Айтымдардан бас тартты. Біреуге үмітін арқалап келді, екі сағат сөйлескеннен кейін маған: "Аға, мен осы уақытқа дейін ешкіммен бұлай сөйлеспеп едім. Жүк түскендей болды", – деді Қаржаубай. Сол себепті, бұл отбасыдан мен қол үзбеймін, барынша көмектесіп отырамын. Шерзатқа барып құран оқыту – менің жүрегімнің қалау болды. Неге екенін білмеймін, ол баланы бүкіл халық сүйгеннен кейін, жақын тарттым. Жаны жай тапсыншы деген мақсатта барып, есеп бергендей болдым. Үнсіз сырласқандай болдым, жанының тынышталғанын сезгендей болдым", – деді Мейірман Шекеев.