Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының алтын медалінен айрылуы мүмкін

8 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Төрехан Сабырхан

Британдық спорт сарапшысы Мэтт Робинсон бокстың әлем чемпионаттарындағы күтпеген жеңімпаздар тізімін жасады. Бұл тізімде ол қазақ боксшысы Төрехан Сабырханды 10-орынға қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Кейбіреулер Төрехан Сабырханды бұл тізімге қосқаныма күмәнмен қарауы мүмкін. Өйткені оның әлеуеті зор, табиғи таланты бар және бар болғаны бір жыл бұрын ғана жастар арасында әлем чемпионы атанған еді. Алайда ересектер арасындағы бәсекеге өткеннен кейін, ол жеңіліссіз болса да, оның өнері аса әсер қалдырған жоқ. Мұның себебі, бәлкім, енді ол физикалық тұрғыдан әлдеқайда мықты қарсыластармен кездесіп жүрген шығар. Сондай-ақ ол жасөспірім кезіндегі жеңіл, әсем стильден алыстап, кейде дөрекілеу әрі баяулау тәсілге жүгінетіні байқалады", – деп жазады Робинсон.

Айта кетейік, World Boxing әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол – әуесқойлар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған алғашқы қазақ боксшысы.

Тэгтер:

Төрехан Сабырхан Бокс Әлем чемпионаты Мэтт Робинсон