UFC-дегі қазақ батыры Шавкат Рахмоновқа қатысты қуанышты хабар тарады

7 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Neill/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Джек Делла Маддалена келесі қарсыласы ретінде қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Әр жекпе-жек өз тәжірибесін береді. Иә, сен дұрыс айтасың – Исламмен кездесу маған Шавкатқа қарсы дайындалуға көмектеседі. Дегенмен, олар – мүлде екі түрлі спортшы. Рахмонов ірі әрі бойы биік. Шавкатпен жекпе-жек өткізуді бұрыннан армандаймын. Ол UFC-ге алғаш келген сәттен-ақ көзге түсті, оның бұл ұйымды бағындыратынын бірден түсіндім. Біздің жолдарымыздың түйісетініне сеніп келемін. Менде оны жеңуге мүмкіндік беретін дағдылар бар. Бірақ алдымен Исламмен кездесуім керек", – деді Маддалена.

Айта кетейік, Ислам Махачев пен Джек Делла Маддаленаның жекпе-жегі UFC 322 турнирінің басты оқиғасы болмақ. Турнир 2025 жылдың 16 қарашасында Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.

Махачев соңғы рет 2025 жылдың қаңтарында UFC 311 турнирінде октагонға шығып, Ренато Мойканоны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген. Оның кәсіби көрсеткіші –27 жеңіс және 1 жеңіліс.

Ал Маддалена соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың мамырында UFC 315 турнирінде өткізіп, Белал Мухаммадтан басым түсті. Оның есебінде 18 жеңіс және 2 жеңіліс бар.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов Ислам Махачев Джек Делла Маддалена