Қаралы хабар! Елге танымал спортшы ойыннан кейін бірден көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар! Елге танымал спортшы ойыннан кейін бірден көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Екатеринбург қаласында 39 жастағы хоккейші Александр Красовский қайтыс болды. Ол әуесқой командалар арасында өтетін Үлкен Орал хоккей лигасында ойнайтын "Автопапы" клубының мүшесі болған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қайғылы жағдай матч аяқталғаннан кейін бірден орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ойыннан кейін спортшы өзін жақсы сезінген, дәрігер оның қан қысымын өлшеп, бәрі қалыпты екенін айтқан. Алайда шамамен 10 минуттан кейін Красовский кенет есінен танып қалған.

"Ойын кезінде кезекшілік еткен дәрігер дереу алғашқы көмек көрсетуді бастады. Жүрегі екі рет тоқтап, қайта іске қосылды. Кейін жедел жәрдем келіп, шамамен 40 минут бойы өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ амал болмады", – деді дереккөз.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.