Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан алғашқы Әлем кубогында Қазақстанның Ұлттық құрамасы жалпы есеп бойынша бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты әрі Қазақстанның Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншілей жариялады.
"Чемпиондарымыз келді! Кореяның Ульсан қаласында Дәстүрлі Садақ атудан өткен Әлем кубогынде Қазақстанның Ұлттық құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды! Бүгін чемпиондарымызды қарсы алдық! Ресми кубокты иемдендік! Осылайша тұңғыш рет ұйымдастырылған, әлемнің 32 елі қатысқан Әлем кубогының жеңімпазы ретінде еліміздің атын тарихқа қашан жаздық! Барлық садақшыларды құттықтаймын! Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде садақшыларымызбен бірге Ұлттық спортты ұшпаққа шығару үшін аянбай еңбек ете беремін", – деп жазды Нартай Аралбайұлы.