Геннадий Головкин туралы ел асыға күткен қуанышты хабар мәлім болды

Бүгін, 10:57 / Ахмет Қанатұлы
Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images. Суретте: Геннадий Головкин

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге World Boxing ұйымының президенті лауазымына үміткер ретінде толық қолдау білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

23 қарашада Италияның Рим қаласында World Boxing конгресі өтеді. Онда Геннадий Головкин бірден үш қызметке – президент, вице-президент және директорлар кеңесінің мүшесі лауазымдарына кандидат ретінде тіркелген.

WBC өз мәлімдемесінде Головкиннің бастамасын жоғары бағалап, оның спорт болашағына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

"Біз Олимпиада ойындарында бокстың болашағын қорғау жолындағы қажырлы еңбегі үшін World Boxing ұйымында қызмет етіп жүрген барша адамға шын жүректен алғыс айтамыз. Осындай аңыз тұлға – Геннадий Головкиннің бұл бастамаға жетекші ретінде қатысуы спортқа деген берік адалдықтың айғағы.
WBC World Boxing ұйымы мен оның президенті Борис ван дер Ворстқа толық қолдау білдіреді және GGG-нің батыл шешім қабылдап, өз кандидатурасын ұсынғанын құптайды", – делінген кеңестің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин World Boxing