Қаралы хабар! Иманы саламат болсын! Мұхтар Шахановтың отбасы қара жамылды

5 қараша, 2025 / Admin

Жазушы Құдияр Біләл Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш өмірден өткенін жеткізді.

Қаралы хабарды мәдениет қайраткері Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Суыт хабар! Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!", – деп жазды ол.