Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, желі қолданушыларының назарын өзіне аударды.
Айару TikTok желісінде әзілге толы бейнежазба бөліскен. Видеода:
«Тұрсынбек пен Нұрсұлтанның балаларын оқытпаймыз», – деген жазу пайда болады.
Ал Айару бұл сөзге қысқа ғана жауап қалдырған:
«Рақмет», – деп жазды ол.
Қыздың бұл видеосы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, желіде тез тарады. Алайда жазбаны алғаш жариялаған адам мен аталған мектептің нақты атауы әзірге белгісіз.