"Жақсы сөйле немесе үндеме": Мөлдір Мұқан өзін сынағандарға жауап берді

5 қараша, 2025 / Admin
Alash.kz коллажы

Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде өзін сынап, жағымсыз пікір жазған адамдарға жауап берді.

Өнер иесі қоғамда өз атына айтылып жатқан түрлі пікірлерге сабырмен қарайтынын айтып, адамдарды бір-біріне ізгілікпен қарауға шақырды.

«Жақсы сөйле немесе үндеме. Біз өзіміз бес-ақ түйір қазақпыз ғой. Не істейміз енді? Кім не жазғысы келсе, жазады. Мен негізі адамдарды жақсы көремін. Танымайтын адамға да тілекшімін. Кейде біреу жаман пікір жазса, ол адамның көңіл-күйі сондай болып тұрған шығар. Солай жазып жеңілдеп қалса, жаза берсін», – деді Мөлдір Мұқанова.

Ол сонымен қатар ешкімге реніш не қарғыс айтпайтынын, көбіне мұндай пікірлерге жауап бермейтінін атап өтті.

«Кейде жауап беремін, кейде блокқа тастаймын. Маған ең қиыны – сол пікірлерді ағайын-туыс пен балаларымның оқуы. Егер біреу нақты дәйекпен айтса, бір басқа. Ал бос өсекке менің анам сияқты өзім де үйренбегенмін», – деді ол.