Белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы қоғамда кең талқыланып жатқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова арасындағы жағдайға қатысты өз пікірін білдірд.
Журналист Мөлдірге қолдау көрсетіп, оның бастан кешкен жағдайына бей-жай қарай алмағанын жеткізді.
"Бүкіл жұртты дүрліктірген Мөлдірдің көз жасы – күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзып бітті. Бей-жай қала алмай, менде шер тарқаттым…", – деді Қымбат Әбілдақызы.
Оның айтуынша, Мөлдір Мұқанованың өмір жолы оңай болмаған. Анасы ерте қайтыс болғандықтан, ол жастайынан өмірдің ауыр сынақтарын көріп, отбасы құндылығын ерекше бағалай білетін тұлға болып қалыптасқан.
"Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой. "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын", деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді", – деді журналист.